Атырау, 21 қыркүйек 19:00
 ашықВ Атырау +12
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Алматыда құқық қорғау қызметкерлерін қорлаған азаматқа сот үкімі шықты

317 просмотра
Фото: freepik.com

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында тәртіп сақшыларын қорлап, денсаулықтарына жеңіл зиян келтірген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаңтар айында, О. үйдің ауласында мас күйінде бола тұра, «102»  пультіне хабарлау фактісі бойынша келген полиция қызметкерлерін қорлап, кейін полиция бөлімшесінде сол қызметкерлерге, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде, денсаулықтарына жеңіл зиян келтіріп, зорлық-зомбылық көрсеткен.

«Сотталушы кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді. Жәбірленушілер соттан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Прокурор 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің көрсетпелерімен, қылмыстық іс материалдарындағы бейне жазбалармен және басқада айғақтармен дәлелденген», - делінген хабарламада.

Соттың үкімімен О. ҚК-тің 380-бабы 3-бабы, 378-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 58-бабы 1,2-бөлігі негізінде 4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

«Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар: сотталушының өз кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі, жағымды мінездемелері, қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылуы, ауырлататын мән-жайларға қылмыстық қылмыстық құқық бұзушылықты мас күйінде жасауы. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
20 маусым, 07:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.