Атырау, 21 қыркүйек 19:03
 ашықВ Атырау +12
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Бүгін еліміздің шөлді аймақтарында қатты ыстық күтіледі

424 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін күндіз Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстырында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Ұлытау, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық. Атырау қ: 20 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Жетісу облысы

Жетісу облысның солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 20 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

20-22 маусымда Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 20-22 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе қ.: 20 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 20 маусымда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 20 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 20 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Қостанай қ.: 20 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, таңертең және күндіз 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысыды, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық. Түркістан қ.: 20 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

20 маусым, 07:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.