Атырау, 21 қыркүйек 19:17
 ашықВ Атырау +12
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Петропавлдағы ақша жымқыру ісі: Антикор видео көрсетті

444 просмотра
видеодан скриншот

Петропавлда әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС басшысына қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр.

"Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

онституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

19 маусым, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.