Атырау, 21 қыркүйек 19:21
 ашықВ Атырау +12
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

«Қорғас» ШЫХО-ның мүлкі мемлекетке қайтарылды

386 просмотра
Фото: facebook.com/mcpskhorgos/

Прокурордың шағымы бойынша «Қорғас» ШЫХО-ның мүлкі қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2018 жылы 900 м2-ден асатын «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылғаны анықтады.

2023 жылы оның 1,9 га жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сатып-алу шарты жасалды.

«Алайда тараптар мүлікті сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген. Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асырылған. Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді. Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 19.03.2024 заңды күшіне енген шешімімен талаптар қанағаттандырылды, шарттар жарамсыз деп танылды», - деп хабарлады прокуратура.
19 маусым, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.