Атырау, 28 қыркүйек 03:11
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

464 просмотра
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 18 маусымдағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,92 теңгеге көтеріліп, 457,98 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 маусымдағы ресми бағамы - 452,92 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 458,80 теңгеге, сатылымы 461,14 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 456,97 теңгеден сатып алынып, 462,00 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 17 маусымда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 452,92 теңге болған.


18 маусым, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.