Атырау, 26 маусым 23:00
 ашықВ Атырау +22
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Героин, пневматикалық, травматикалық тапанша: Алматыда 60 жастағы ер адам ұсталды

253 просмотра
видеодан скриншот

Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден ақшыл түсті ұнтақ зат салынған екі бума табылды және тәркіленді.

«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде ашық түсті ұнтақты заты бар тағы бір бума тәркіленді. Жатын бөлмеден кереует астынан екі Байкал пневматикалық және травматикалық тапанша және 12 калибрлі бір ұңғылы шолақ мылтық табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат героин есірткі заты болып шықты. Қарудың кімдікі екендігі анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Ұсталған азаматтың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғандығы белгілі болды. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

18 маусым, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.