Атырау, 24 қазан 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді

427 просмотра

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз  мәслихатында  Қытайда сотталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Соңғы 6-7 жылда әлеуметтік желіде неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сондықтан оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға хабарлассаңыз болады. Экстрадицияға осы мемлекеттік орган жауап береді», - деді ол.

БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқанын сұрады.

«Біз байланыстамыз, жағдайы жақсы», - деді Айбек Смадияров.

Ал «Ол туысқандарымен қанша рет кездеседі», - деген сұраққа: «Оны бізге айтқан жоқ», - деп жауап берді.

18 маусым, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.