Атырау, 26 маусым 21:54
 бұлттыВ Атырау +17
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық ауылда мобильді интернет жоқ

210 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстанда 1424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, елімізде 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет бойынша оптика 2 606 ауылға жеткізілген. Мобильді интернет 4 866 ауылда қолжетімді. Қолданыстағы салықтық жеңілдіктер аясында 2023 жылы 1161 ауыл 4G технологиясына қосылған.

«Бүгінгі таңда 1424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. Ұялы байланыс операторларын ынталандыру үшін министрлік жаңа Салық кодексіне радиожиілік спектріне салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1 076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделген», - деді Мәдиев үкімет отырысында.

Қазіргі уақытта 3684 ауылда оптика жоқ. Ұлттық жоба аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3010 ауылға оптикалық байланыс желісі жеткізіледі.

«Соңғы миль» жоқ жерде шағын және орта байланыс операторларының күрделі шығындарының 50 пайызын субсидиялау тетігі пайдаланылады. Осы жобалардың қорытындысы бойынша 2,4 млн адамды интернетке қосу жоспарланып отыр», - деді министр.

Айтуынша, жобалар бойынша байланыс операторларынан 340 млрд теңгеден астам көлемде жеке инвестиция тартылады.

18 маусым, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.