Атырау, 26 маусым 21:55
 бұлттыВ Атырау +17
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Елімізде 55 млн теңгеге шақ ақшаны қолдан жасаған адамдар анықталды

211 просмотра
Фото: freepik.com

2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 1,3 млн теңгеге шақ 384 жалған купюро жасағандар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігінің ақпаратына сүйенсек, жалған ақшалар тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалған. Ал, жыл басынан бері жалған ақша жасауға қатысты 13 факт тіркелген.

«2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге сомасына 384 купюра, АҚШ долларында сомасы 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, еурода сомасы 17 500 еуроға 35 купюра, ресей рублімен - 10 000 рубль сомасына 2 купюра анықталды.Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады», - деп хабарлады агенттіктік баспасөз қызметі.

Тиісті орган жалған ақша жасаудың жазасы – бес жыл бас бостандығынан айырылу екенін еске салып отыр.

18 маусым, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.