Атырау, 25 қараша 22:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бәрі өнертапқыштар үшін

4 928 просмотра

Атырауда зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері жөнінде аймақтық семинар болып өтті.

ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» патенттер берумен айналысады. Бұдан басқа, институт сотта және мемлекеттік органдарда өз клиенттерінің мүдделерін қорғай алады, дауларды сотқа дейін реттеуге, сонымен қатар коммерциялық келіссөздерге қатыса алатын патенттік сенімді өкілдерге жұмыс жасауға рұқсат береді. Қазақстанда қазіргі уақытта140 патенттіксенімді өкіл тіркелген.

Зияткерлік меншік құқығы комитеті басқармасының бастығы Мәди САДАНОВ  өнертабысты тіркеуді жеңілдету шаралары туралы әңгімеледі. Мәселен, электронды өтінім берудің енгізілгеніне көп болды, бірақ енді оны өтінім беруші үйінде отырып, жеке бас куәлігі мен басқа құжаттардың көшірмелерін тіркемей жібере алатындай етіп, толықтай автоматтандырғысы келеді. Бұдан басқа, баж салығының мөлшерін азайту, барлық патенттік құжаттарға қолжетімділікті жеңілдету, ЕХРО-2013-ке дайындық шеңберінде экологиялық зерттемелер үшін патенттеуді жеделдетуге ұсыныстар жасалған. Тағы бір жаңалық, барлық келісу процедурасынсыз сарапшылардың жеке қолдарын қою құқығын енгізу жоспарланған. Әрине, осындай өкілдік алатын мамандар мінсіз абырой-беделге ие болуы тиіс.

Біз жақында Атырауда облыстың батыс өңіріне жетекшілік ететін«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның өңірлік филиалы ашылғаны туралы жазған едік Батысқа көмек келеді» жарияланымын қараңыз). Зияткерлік меншікті қорғаушылар біздің өңіріміздің өз өнертабыстары мен брендтеріне патент ресімдеумен құлықсыз айналысатындығын тағы да атап өтті. Алдыңғы орында оңтүстік өңірлер келеді, соңғы кездері Астана да олардың қатарына жақындап қалған.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда 29 мың патент берілген. Жыл сайын «Шапағат» өнертапқыштық саласында 5 номинация бойынша жетістіктердің беделді конкурстары өткізіліп тұрады: жыл өнертабысы, өнертапқыш әйел, ең белсенді өнертапқыш, ең жас өнертапқыш және жас дарын (оқушылар мен студенттер үшін). Біздің өнертапқыштар бұл тұрғыда әзірге көріне қойған жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

21 маусым 2013, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.