Атырау, 26 маусым 18:41
 бұлттыВ Атырау +17
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Пара бермек болған Шымкент спирт зауытының басшысы ұсталды

305 просмотра
Көрнекі сурет

Зауыт басшысы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкеріне пара бермек болды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Тексеру барысында Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент спирт зауытында есепке алынбаған 81 тоннадан астам алкоголь өнімін өндірілгенін және сатылғанын анықтады. 

Суррогат алкоголь өнімін дайындау бойынша астыртын қызметпен айналысатын тұлғаларға есепке алынбаған алкогольдік өнімдер сатылды, - делінген хабарламада.

Жасырын алкоголь мереке және демалыс күндері жөнелтілген, бұл этил спиртін сақтау және сату ережелерін бұзады.

20 мың доллар және 1 млн теңге

Ведомстводағылар сонымен қатар спирт зауытының директоры қалалық департаменттің лауазымды қызметкеріне пара бермек болды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен байланысты іс-әрекетіне көз жұма қарауы және қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін бір реттік 20 000 АҚШ доллары және ай сайын 1 000 000 теңге көлемінде пара ұсынылған, - деп түсіндірді агенттіктегілер.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

17 маусым, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.