Атырау, 26 маусым 16:54
 бұлттыВ Атырау +19
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

210 просмотра
Фото: freepik.com

Осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге өседі.

Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған, демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.

«Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды», – деп нақтылады комитет.

Белгілі болғаны:

  • бакалаврлар – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);
  • интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;
  • магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;
  • докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін өседі.

Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

17 маусым, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.