Атырау, 26 маусым 20:33
 бұлттыВ Атырау +17
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

Антикор «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорын ұстады (ВИДЕО)

235 просмотра
видеодан скриншот

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС-ның бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың ақпаратынша, ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 млн теңге пара беруге итермеледі және алаяқтық жасауға оқталды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ оған көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру арқылы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейлді.

17 маусым, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.