Атырау, 21 желтоқсан 06:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада жатақханадан өрт шықты

618 рет қаралды
Фото: freepik.com

Елордада Сарыарқа ауданындағы жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданының жатақханаға айналдырылған шатырлы үлгідегі екі қабатты үйдің жануын сөндірді.

Нақтыланған ақпарат бойынша мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанған.

Зардап шеккен бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

17 маусым 2024, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.