Атырау, 18 маусым 18:32
 ашықВ Атырау +26
$ 452.92
€ 484.99
₽ 5.12

Екі жыл халықаралық іздеуде болған қазақстандық Молдова республикасында ұсталды (ВИДЕО)

542 просмотра
видеодан скриншот

Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қазақстан республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова республикасынан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін азаматшаны экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтық жасаған.  

Яғни, қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асырған.

«Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келтірілген. Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл мамыр айында ол Молдова Республикасының аумағында ұсталды», - деп хабарлады прокуратура.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Молдова тарапынан күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшiн мүлкi тәркiленiп, 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

13 маусым, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.