Атырау, 26 маусым 20:56
 бұлттыВ Атырау +17
$ 467.29
€ 501.03
₽ 5.35

«Шығынын ақтамайды»: EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізіледі

450 просмотра
Фото: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеру болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Ә. Смайыловтан елордада кезінде салынған EXPO ғимараттарына аудит жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Салынған EXPO ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Себебі бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар», — деп сұрады тілшілер.

Өз кезегінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы алдағы уақытта бұл бағытта тексеріс болатынын айтты.

«Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын», — деді Әлихан Смайылов.

Алайда, тілшілердің «Елдегі көлік дағдарысы үшін кім жауап беруі керек?» деген сауалына экс-премьер жауап беруден бас тартып, қолын сілтеп, брифингтен шығып кетті

13 маусым, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.