Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіру тақырыбы «ҚазМұнайГаз» басшылығының бұған қатысты жоспары жоқтығына қарамастан, бірнеше айдан бері ғаламторда талқыланып жатыр. Осы арада «Ақ Жайық» редакциясының мұрағатында Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жеке кәсіпорынға айнала жаздаған 1996 жылғы оқиғаны суреттейтін кітап бар.
Бұл жарияланым журналист Елена ЕСЕНОВАНЫҢ «Владимир ГАФНЕР» кітабына сүйеніп жазылған.
«1996 жылы өндірістің құлдырауының себептері В.Гафнердің пікірінше: «Мұнай саласы бытыраңқы жұмыс істейді. Саланың әрқайсысы – кеншілер, өңдеушілер және қазіргі уақытта өткізушілер – жамылғыны өздеріне тартып жатыр. Зауыт мұнай базалары мен жанармай құю бекеттері болмағандықтан, мұнай өнімдерінің бөлшек саудасынан шеттетілген. Сондықтан да маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – мұнай өндіруші бірлестіктермен бірігу және өткізу нарығына шығу. Бұл біздің басты қадамдарымыз болуы керек. Тек осы жағдайда ғана болашаққа оптимистік көзқараспен қарай аламыз. Дағдарысты еңсеріп, жинақты арттыра отырып, еңбек етуіміз керек».
АМӨЗ позициясын нығайту үшін В.Гафнер Маңғышлақ мұнайшыларына өздерін меншік иесі ретінде сезінулері үшін «АМӨЗ» АҚ-ның акциялар пакетін ұсынып, Өңірлік мұнай компаниясын құру туралы бастама көтерді. Сол кезде олар бас тартты. Мұндай компанияның құрылуын уақыттың өзі талап етті. Өңірде мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестік күшейе түсті. Батыс Қазақстан нарығын қорғау, басқа аймақтарға және шетелдерге шығу қажет болды. Бірқатар елдерде (Австрия, Германия) автомобильдерді этильдендірілген бензинмен жұмыс істеуге тыйым салынды, дизель отынының құрамындағы күкіртке жоғары талаптар қойылды.
Кейін «АМӨЗ» АҚ, «Ем бімұнайгаз», «Теңізмұнайгаз», «Ембімұнайгеофизика» және «Мұнай өнімдері» компанияларының басшылары Атырауда «Прикаспиймұнайгаз» акционерлік мұнай компаниясын құру туралы бастама көтерді. Мұндай бірлестіктің артықшылығы айқын болды. Біріншіден, материалдық және қаржылық ресурстар бірыңғай өндірістік-шаруашылық схема негізінде шоғырланған: мұнай – мұнай өңдеу – сауда желісі. Барлық компания тауар және ақша ағындарымен тікелей байланысты. Компания үшін зауыттарды қайта құру, жаңа мұнай кен орындарын барлау және іске қосу үшін халықаралық банктен ауқымды несие алу мүмкіндігі туды. Көбісі жобаға қатысушыларға берілетін мемлекеттік пакеттердің көлеміне алаңдады.
Ал, Ресей мен Әзірбайжан тәжірибесі - мемлекеттік акциялар пакетінің болуы артықшылық екенін көрсетеді. Шетелдік инвесторлар сенімді кепілдікке ие болғысы келеді, сондықтан олар мемлекет қатысатын компанияларға тартылады. Екіншіден, құрылтайшы қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттері компаниялардың сенімгерлік басқаруына берілуі мүмкін. Қазақстанда болып жатқан оқиғалардан бірнеше жыл өткен соң ғана барлық кеншілерді, өңдеушілерді және жанар-жағармай құю бекеттерінің желілерін өз қол астына біріктіретін «Қазақойл» ұлттық компаниясы пайда болады.
Тарихи құжаттарды зерделей отырып, сол жылдардағы басшылардың көрегендігіне таң қаласың. Бәлкім, сол заманда бұл жоспарлар жүзеге асқанда, зауыт ендігі басқа биіктерді бағындырар еді. 90-жылдардың ортасына дейін зауыт тұрақтылықта болды. В.Гафнердің тамаша ұйымдастырушылық таланты экономиканың нарықтық бағытына көшу кезеңінде ұжымды біріктіруге мүмкіндік берді. Бұған жергілікті мұнайды өңдеу технологиясын жаңартуға бағытталған кәсіпорынды қайта құру жоспарлары көп ықпал етті. Бірақ барлық жерде өндірістің құлдырауы байқалғанымен, В.Гафнер ұжымға: «Шетелдіктердің келуінен қорқудың қажеті жоқ. Зауыт бар және бола береді» деді. Зауыт басшылығы мемлекеттік пакетті мемлекет әлдебір шарттармен жеке компанияның меншігіне неғұрлым тезірек берсе, зауыт үшін соғұрлым жақсы болады деп есептеді. Осылайша зауытқа қажетті инвестицияны тартуға мүмкіндік туды. 1994 жылы зауытты қайта жарақтауға келісім-шарт жасалды. Әрбір күту кезегі зауыттағы жағдайды ушықтыра түсті. 1996 жылдың аяғында «АМӨЗ» АҚ-дағы мемлекеттік акциялар пакеті инвестициялық қорларға сатылатыны туралы үкіметтің екі қаулысы шықты. Зауыт «инвестициялық аштықты» жеңу үшін белгілі бір қадамдар жасады. Сол жылы 94 023 жай атаулы акция швейцариялық Telf AG фирмасының сенімгерлік басқаруына берілді.
Акционерлердің санаттары бойынша акцияларды орналастыру өзгерген жоқ: мемлекеттік папкет – 41%, еңбек ұжымы – 30%, заңды тұлғалар – 12%, жеке тұлғалар – 17%. Telf AG иелігіндегі 12% акцияларға қосымша, жеке акционерлерден айтарлықтай мөлшерде пакет сатып алды.
1996 жылы 8 қарашада зауыт басқармасы Швейцария арқылы несие желісін ашу туралы шешім қабылдады. Келіссөздердің нәтижесі зауытты дамыту және қайта жаңғырту жобасына енгізілген нысандарды қаржыландыруға мақсатты несие беру туралы келісім-шарт болды. Инвестор ақшаны келесі схема бойынша салуды ұсынды: бірінші кезеңде 1997 жылдың 1-тоқсанында 40 миллион доллар, кейіннен 100 миллион доллар, одан соң 300 миллион доллар берілуі тиіс еді. Оның орнына компания блоктаушы акция пакеті деп аталатын дауыстардың үштен бірінен астамын талап етті. Швейцариялықтар акциялардың мемлекеттік пакетіне тендер жарияланғанда, комиссия компанияның қолында блоктаушы пакет бар екенін ескеруге мәжбүр болады деп үміттенген. Бұл жағдайды акциялардың мемлекеттік пакетін алуға басқа үміткерлер де ескеруі керек деп ойлады. Әрине, басқа қатысушыларға қарағанда «Тельфтің» тендерде жеңіске жету мүмкіндігі жоғары болды. Бірақ шешуші күні бұл компания өкілдері конкурсқа келмеді. Тендерді AssecsRefinery оффшорлық компаниясы жеңіп алды. Бір аптадан кейін бұл шешімнің де күші жойылды.
Бұл оқиға зауыттың жағдайына тікелей әсер етті. Telf AG компаниясы тендерге қатыса алмайтынын білген бойда оның өкілдері дереу салынған қаражатты қайтаруды талап етті.
1997 жылдан бастап зауыт өзінің алғашқы инвестициялық қадамдарын жасай бастады: К-2 колоннасы ауыстырылды, риформинг пешін қайта жарақтау аяқталды, бұл 8 млн доллар тұрды. Зауыт басшылығы мен Тельф арасындағы қарым-қатынас бірте-бірте «суыды». Бәрі 1999 жылы аяқталды. 1999 жылдың бірінші жартысында зауыт одан да қиын жағдайда жұмыс істеді. Мамыр айында еңбек ұжымының облыс әкімі И.Тасмағамбетовпен және ҰМК басшылығымен кездесуі өтті. ҰМК президентінің келу сапарының екінші себебі елдегі және әлемдегі қаржылық-экономикалық дағдарысқа байланысты орын алған күрделі жағдай болды.
Ол кезде зауыт қуаттылығының үштен бірі бойынша ғана жұмыс істеп, тоқсанына жарты миллион тоннаға дейін мұнай өңдейтін. Негізгі себептер – мұнай өндіру бойынша серіктестерден шикізатты жеткізу көлемінің аздығы, сондай-ақ ресейлік мұнай өнімдерінің демпингтік бағасына байланысты сату нарығының болмауы. Атырау мұнай өңдеу зауыты мазут пен дизельдік отынға толы болды».
АМӨЗ-дің жарлы акционерлері
2 жылдан кейін зауыт акционерлері Ресейде 100 мың үлеске (акцияға) жақсы алдыңғы жетекті Lada-ны, тіпті екеуін...сатып алуға болатын бақытты дефолт кезеңін бастан өткеруге мәжбүр болды,
Бүгінде акциясын 5 теңгеден сататын зауыт жұмысшыларының легі әлдеқашан біткен. Соңғы 5-10 жылда акцияларын сатқандардың айтуынша (басшылық олардың телефон нөмірлерін сайтта жариялаған) осыдан жиырма жыл бұрын акцияларды пайдаға сатуға болатын. Бірақ бүгінде акцияларды сатудан түскен ақшаға бір-екі рет дүкенге ғана баруға болады.
...Зауыт ардагерлерінің бірі Гафнер мен сол кездегі әкім Равиль ШЫРДАБАЕВ арасындағы әңгіменің куәсі болды. Әңгімеде әкімнің ұжымнан акция сатып алуды тоқтатуды талап етті. Ал Гафнер одан үшінші эмиссия үшін ақша сұрап, сол кезде зауытты қайта жарақтауға ақшаның жететінін айтты. Бірақ Равиль Тәжіғараұлы өз дегенінен қайтпай, осымен хикая аяқталады.
Зауыт осылайша мемлекет меншігінде қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Кітаптан үзінділер ашық дереккөзден алынды