Атырау, 19 сәуір 01:32
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Үндістандағы су тасқынынан 70 мың адам із-түссіз жоғалып кетті

2 282 просмотра

Астана. 20 маусым. Baq.kz – Үндістанда орын алған су тасқынынан көз жұмғандардың саны 182 адамға жетті. 

Соңғы мәліметтер бойынша, із-түссіз жоғалып кеткендердің саны 70 мыңнан асып кеткен. Ал, Уттаракханд, Химачал-Прадеш, Уттар-Прадеш штаттарында 130 мыңнан астам тұрғын су ортасында қалып қойып, қауіпсіз аймаққа шыға алмай отыр. Су тасқыны мен лай көшкіні жолдардың барлығын бұзып, елдімекендер арасындағы байланысты толықтай үзді.
"Өлгендер саны әлдеқайда көп. Құтқарушылар су басқан аймақтардың барлығына жете алған жоқ. Қазір тек қана көз жұмғандардың санын болжаммен ғана айта аламыз" дейді Уттаракханд штатының ішкі істер министрі Ом Пракаш. Оның айтуынша, қауіптің беті әліге дейін басылмаған.
Бүгінгі таңда су ортасында қалған халыққа тағам мен жылы киімдер әуе арқылы жеткізіліп жатыр. Құтқару жұмыстарына он мың әскери жауынгер мен 22 тікұшақ және бір теңіз ұшағы жұмылдырылған деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Төтенше жағдай Үндістан астанасы Дели де орын алды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Ямун өзені арнасынан асып, қала маңындағы бөгетті бұды.
Естеріңізге салайық, муссон жауыны Үндістанда кешегі аптаның жексенбісінде басталған. Алайда құтқару жұмыстарына билік тек сейсенбі күні ғана кірісті. Ауа-райын болжаушылар болса жауын-шашын аталған елде тағы бірнеше күнге созылады дегенді айтып отыр.

Дереккөз: baq.kz

20 маусым 2013, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.