Атырау, 21 қыркүйек 22:43
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Басты бет Қоғам Шығыс Қазақстанда балабақша есепшісі 12 млн теңге жымқырған

247 просмотра

ШҚО-да балабақшада бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Прокуратура «Катюша бала-бақшасы» КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегенін анықтады.

Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қызметі жүргізді.

«Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген. Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуға сотталды», - делінген хабарламада. 

Сот актісі заңды күшіне енді.

12 маусым, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.