Атырау, 23 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иракта жергілікті билік органдарына сайлау өтетін күні бірнеше жарылыс болды

2 404 просмотра
Бүгін Ирактың Анбар мен Найнава провинцияларында жергілікті билік органдарына сайлау басталды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сайлау күні екі провинцияның әкімшілік орталықтары Эр-Рамади (Анбар) мен Мосул (Найнава) қалаларындағы бірнеше күшті жарылыстан басталды.

Анбар провинциясындағы сайлау учаскелерінде кем дегенде 5 жарылыс болды. Солардың бірі Эр-Рамадидің орталық стадионында болғаны белгілі. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам қаза болған, үшеуі жарақат алған. Мосулда тоғыз жарылыс орын алған. Тұрғындар дін аман. Соған қарағанда бұл тек сайлаушыларды қорқыту әрекеті болса керек.

Ирак билік органдарына сайлау биылғы жылдың 20 сәуірінде 12 провинцияда өткізілді, тек суннитер тұратын екі аймағында ғана қауіпсіздік үшін кейінге қалдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 маусым 2013, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.