Магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғыз сейсмология институтының айтуынша, жер сілкінісі 12:27-де (Астана уақытымен 07:27) болған, эпицентр екі республиканың шекарасында Дарот-Коргон ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым және Ош қаласынан 140 шақырым жерде болған.
Жерасты дүмпулерінен зардап шеккендер жоқ, ешқандай нысан қирамаған.