Атырау, 21 қыркүйек 22:36
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Мадридтік «Атлетико» Президенті Тоқаевқа сыйлық жасады

441 просмотра
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

 

Кездесу соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Атлетико Мадрид" ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейдені сыйлады.

Онда Тоқаевтың аты жазылғанын және футболшылардың қолтаңбасы қойылғанын көруге болады.

11 маусым, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.