Қазақстан қор биржасының KASE күндізгі саудасында доллардың орташа сараланған бағамы 1,52 теңгеге көтеріліп, 449,76 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы бір долларға 448,12 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 449,87 теңгеден сатып алынып, 451,14 теңгеден сатылуда. Астанада орташа сатып алу – 447,60 теңге, ал сату – 452,29 теңге.