Атырау, 22 қыркүйек 01:00
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Жаңа сағат белдеуі қазақстандықтардың денсаулығына зиянын тигізе ме - министр жауап берді

380 просмотра
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты денсаулығы сыр берген қазақстандықтар тіркелмегенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтегі брифингіде журналистердің сұрағына жауап берген Әлназарова таң сағат 02:40 шамасында ататын шығыстағы халықтың шағымы көп болып жатқанын растады. Дегенмен, оның айтуынша, осыған бола ауруханаға түскен адамдар жоқ.

«Сағат белдеуінің мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланған. Бұл жұмысқа еліміздегі ғылыми орталықтар тартылды. Бұл шешім ғылыми зерттеулерге сүйене отырып жасалды деп айтуға болады. Сағат белдеуінің ауысуына байланысты ауруханаға немесе дәрігерлерге қаралған адамдар жоқ. Сондықтан, сағат белдеуінің ауысуы денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар. Ал, сағат белдеуінің ыңғайсыздығы туралы мәселені көп көтеріп отырған шығыстың тұрғындары екені рас. Бірақ, денсаулыққа әсерін байқап тұрған жоқпын», - деді Әлназарова.
11 маусым, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.