Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.
Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, елордалық жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.