Маңғыстау облысында екі ер адам теңізге шығып, дер кезінде құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Осы түні 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup board пен сырғанауға теңізге барған болатын. Ағынмен жастарды теңізге алып кеткен еді. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты.
Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.