Атырау, 22 қыркүйек 00:32
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қарағандыда медицина ұйымдары 400 млн теңге қарызды қайтарды

283 просмотра

Қарағанды қаласының медициналық ұйымдары кәсіпкерлік субъектілеріне 400 млн теңгеден астам қарызды қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасы шаһардың медициналық ұйымдары тарапынан мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының сақталуын талдауды аяқтады. Қадағалау іс-шаралары нәтижесінде тиісті сомаларды төлемеу түріндегі көптеген заң бұзушылық анықталды.

«Тексеру қорытындысы бойынша жыл ішінде 383 кәсіпкерлік субъектісіне нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем аударылмағаны анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асқан. Төлемнің мұндай кешігуі кәсіпкерлерге айтарлықтай қиындықтар туғызып, жұмыстарын қалыпты жүргізуге және бизнесті дамытуға кедергі болған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті сомалар төленді, үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
10 маусым, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.