Атырау, 22 қыркүйек 00:36
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Бүгін республиканың басым аймағында күн бұлттанып, найзағай күтіледі

601 просмотра
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысының Шиелі ауданында алдағы 10 күнде құрғақшылықтың басталуы күтіледі. Ал өзге аймақтарда бүгін күн бұлттанып, найзағай ойнауы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Абай облысы

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 08 маусымда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтау қ.: 08 маусымда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 08 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 08 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 08 маусымда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 08 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қаласында 08 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 08 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында, солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық, 36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 08 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 08 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

8 маусым, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.