Атырау, 22 қыркүйек 01:06
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Ақтау сотының төрағасы қамауға алынды

790 просмотра
Сурет әлеуметтік желіден

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды. Бұл туралы 7 маусымда ҚР Жоғарғы соты Zakon.kz тілшісіне хабарлады.

Жоғарғы сот хабарына қарағанда, ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол қылмыстық іс бойынша "мәселені шешкені үшін" 18 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылды.

Бауыржан Шайдуллин 2020 жылғы қаңтарда Ақтау қалалық сотының басшысы қызметіне тағайындалды.

7 маусым, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.