Атырау, 22 қыркүйек 01:10
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Бүгін футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан мен Армения құрамалары ойнайды

569 просмотра

Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан және Армения құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ойын Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді. 

Кездесу сағат 23:25–те Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Жолдастық кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте өзара кездесті. Оның төртеуінде Армения жеңіске жетсе, екеуінде Қазақстан басым түсті. Бір ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 103-орында тұрса, Армения 95-орында келеді. 

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады. 

Еске салсақ, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.

7 маусым, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.