Атырау, 22 қыркүйек 00:51
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

385 мың қазақстандық кредит алудан өз еркімен бас тартқан

599 просмотра
Фото: freepik.com

Биыл ақпан айынан бері Қазақстанның 385 мың азаматы кредит алудан өз еркімен бас тарту тетігін қолданған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз еркімен қарыз алудан бас тарту туралы норма осы жылы ақпанда күшіне енгенін атап өтті.

«Қазіргі таңда, қателеспесем, 385 мың қазақстандық осы мүмкіндікті пайдаланды. Бұған қоса біз несиелендіру кезіндегі тәуекелдерді азайту туралы заң аясында қаржы ұйымдарының қосымша жауапкершілігін белгіледік. Егер банктер мен микроқаржы ұйымдары өз еркімен кредиттен бас тартқан адамдарға несие рәсімдесе, олар бұл кредитті есептен шығарып, несие тарихынан алып тастауға міндетті», - деді Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда берілген микрокредиттердің жалпы көлемі 525 млрд теңгені құрады. Яғни өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 2,5 пайызға азайған. Бірақ Қизатовтың пікірінше, ерікті түрде несиеден бас тарту туралы норманың бұған еш қатысы жоқ.

«Біздің ойымызша, бұл ерікті түрде бас тарту туралы норманың әсері емес, маусымдық сипатқа ие. Жалпы норма алаяқтық транзакциялардың санын қысқартуға бағытталған», - деді төраға орынбасары.

Айта кетері, Қазақстан азаматтары өз атынан кредит және микрокредит алуға ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz электронды үкімет порталында жасауға болады.

7 маусым, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.