Атырау, 22 қыркүйек 01:18
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

ШЫҰ-ға мүше елдердің әділет министрлері кеңес өткізді

568 просмотра
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

6 маусым күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен шараға Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай елдерінің әділет министрлері қатысты. Сондай-ақ отырысқа ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары және бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь әділет министрі Евгений Коваленко қатысты.

«Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әділет министрлері 2023 жылы өткен оныншы кездесудегі келісімдерді іске асыру бойынша Әділет министрліктері арасындағы өзара ынтымақтастықтың қорытындыларын шығарды. Әділет министрлері ШЫҰ аясында кейінгі жылдары қол жеткізілген құқық және әділет саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.  Осындай тұрақты кездесулер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әділет органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында ҚР Әділет министрі құқық пен әділет саласын цифрландырудағы ынтымақтастықты тереңдетуге және озық тәжірибемен жүйелі түрде алмасуға мүмкіндік беретін меморандум жасасу туралы бастама көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтық туралы мәлімдемеге қол қойылып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің әділет министрлері кеңесінің 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Әділет министрлерінің келесі кеңесі 2025 жылы Ресейде өтеді.

7 маусым, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.