Атырау, 22 қыркүйек 03:41
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарылды

441 просмотра
Фото: ratel.kz

Алматы қаласының соты ProTenge жобасының авторы, журналист Жәмила Маричеваның апелляциялық шағымын қарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оның Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын «жалған ақпарат» деп тауып, айыппұл салған.

Еске салсақ, 13 мамырда Алматы соты журналист Жәмила Маричеваның ProTenge телеграм-арнасында Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын «жалған ақпарат» деп тауып, авторға 74 мың теңге айыппұл салған.

ProTenge – тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар барысында жасалған күмәнді іс-әрекеттерді әшкерелейтін зерттеу материалдарымен танылған жоба. Жәмила Маричева – осы жобаның негізін қалаған әрі бас редакторы.

Бұған дейін ProTenge журналистері әлеуметтік желілерінің кибершабуылдарға ұшырағанын мәлімдеген болатын.

6 маусым, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.