Атырау, 22 қыркүйек 04:15
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

​Қазақстан шекарасы арқылы есірткінің заңсыз айналымын жүргізіген топ әшкереленді

391 просмотра

ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар тобы жасаған аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымын Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы полиция департаментімен бірлесіп және қалалық прокуратураның үйлестіруімен тоқтатты деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы, Астана және Орал қалаларында шетелден есірткі заттарын алған адамдар анықталып, ұсталды, дайындалған есірткіні кейін сатып, өңірлер бойынша жеткізу халық тұтынатын қарапайым тауарлар түрінде жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша шамамен 60 гр.гашиш майы, 700 гр. марихуана тәркіленді. Сондай-ақ Алматы қаласында есірткі заттарының белгілері бар өсімдік тектес заттарды өсірумен айналысқан зертхана анықталды. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Ұсталған төрт адам УҰИ-ға қамалды. 

6 маусым, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.