Атырау, 22 қыркүйек 03:57
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Храпунов сатып жіберген кешен мемлекет меншігіне қайтарылды

403 просмотра

Алматы қаласының прокуратурасы жекенің қолына өтіп кеткен, құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұған дейін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын. Сот шешімі заңды күшіне енді".Алматы қаласының прокуратурасы

Ауданы 3974 шаршы метр және 50 сотық жер телімі бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз бергені анықталды.

"Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда", делінген хабарламада.


6 маусым, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.