Мақат ауданы әкімі болған Ринат ИБРАГИМОВ 2 жыл 3 айдан кейін өз арызына сәйкес жұмысынан босады.
Экс-әкімнің жұмыстан кетуі бұрынғы отбасылық жағдайына байланысты ма, белгісіз. Еске салсақ, Р.Ибргаимовтың бұрынғы жұбайы Ақмарал ҮМБЕТҚАЛИЕВА әлеуметтік желде видеоүндеу жариялап, бұрынғы күйеуінен көрген зәбірін жіпке тізіп, балаларын өзінен заңсыз түрде тартып алғанын, бір жыл бойы көрсетпей қойғанын айтып, көмек сұраған еді.
Бұл видеомәлімдеме көпшілік арасында түрлі резонанс туғызды. Экс-жұбайының видеожазбасынан кейін Р. Ибрагимов те ФБ парақшасына видеомәлімдеме таратып, бұрынғы жұбайының сөзін теріске шығара отырып, БАҚ өкілдеріне асығыс қорытынды жасамауға шақырды.
Артынша облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 24 мамырда Мақат ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетті. Қазіргі кезде оның міндетін аудан әкімінің орынбасары Бекәділ ЖАЙКИН атқаруда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА