Атырау, 22 наурыз 00:52
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Ақпарат, киім және үміт

1 973 просмотра

13 маусымда «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ және Қызыл Жарты ай қоғамының жергілікті филиалы «Аман бол, балам-ай» акциясын өткізді.

Бұрын хабарлағанымыздай, 1 маусымда Привокзальныйдағы ересектерге арналған оңалту орталығының ғимаратында «Балам-Ай-Атырау» мүгедек балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды. Атырауда 2 мыңға жуық мүгедек балалар бар. Акция өткен күні олардың 155-і ата-аналарымен бірге Орталыққа шақырылды. Қызыл Жарты ай қоғамының қызметкерлері балалардың жарақаттануы кезінде көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек туралы айтты. Қатысушылардың көпшілігі үшін отбасындағы асыраушысынан айырылған мүгедек балалардың Қызыл Жарты ай қоғамы желісінен 10 жасқа толғанға дейін ай сайын 47 доллар жәрдемақы алу құқықтары бар екендігі жөніндегі ақпарат маңызды болды. Акция аяғында балаларға жазғы киім жиынтығы тарту етілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.