Атырау, 22 қыркүйек 03:57
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

​Енді 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмайды

539 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілісмендер "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады.

Осы заң жобасы аясында сөз сөйлеген депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап, 200 мыңнан аса кәмелетке толмаған балалар ұдайы құмар ойын ойнағанын айтты.

"Бұл жасөспірімдер энергетикалық сусындарға есеңгіреген күйде бәс тігуі мүмкін. Энергетиктер алкогольден де қауіпті болып барады. Қазір 10 жастағы бала да энергетикалық сусынды оңай сатып ала алады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды", - деді депутат.

5 маусым, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.