АСТАНА, 19 мау –Қазақстан жаңалықтары АА. Самара облысында полигонда ТЖ –дан кейін қырық сегіз адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды РИА Новости сәрсенбіде өңір бойынша ТК тергеу басқармасына сілтеме жасап.
Чапаевск қаласына жақын маңдағы полигондағы жарылыстар сейсенбіде кешке басталды.ТЖМ мәліметінше, өрт екі-үш күнге созылуы мүмкін. 6,5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
"Он бір адам ауруханаға жатқызылды, 37 адам медициналық көмек көрсетілген соң үйлерінде жіберілді", - деді ведомствоның өкілі.
Агенттікке хабарлаушы ТЖ орнында жарылыстар тоқтағанын айтты, алайда тергеушілер әзірге оқиға орнын тексеруге кіріскен жоқ.
Дереккөз: newskaz.kz