Бүгін республиканың батыс, солтүстік, орталық аймақтарында найзайғай күтіледі. Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райы 30 градустан жоғары болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жетісу облысы
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупы күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 04 маусымда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 04 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 04 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 04 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 04 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 04 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
04 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 04 маусымда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.
Ақмола облысы
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Абай облысы
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 04 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.