Атырау, 22 қыркүйек 03:49
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

​Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

827 просмотра

Бүгін, 3 маусымда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген бірінші орынбасарын таныстырды. 

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды. Ербол Күрентайұлы Ізбергенов 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-құрылысшы. “Іскерлік басқару” магистрі. 

Еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясы құрылыс-жинақтау учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған.

Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 

Сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен. 2019-2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" Арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды. 2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды. 

Маңғыстау облысы әкімінің қаржы-экономикалық мәселелері бойынша орынбасары тағайындалды

Бүгін, 3 маусым күні өңір басшысы Н.Қилыбай облыс активіне жаңа орынбасары Аббат Өрісбаевты таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2002 жылы Халықаралық еңбек академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 

Ол әр жылдары “Тұран Әлем Банкі” АҚ, “Темiрбанк” АҚ, “Альянс Банк” АҚ түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2015 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін «ForteBank» АҚ Ақтау қаласы филиалының директоры қызметін атқарып келді.

VI, VII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатынын депутаты, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тілеген Ақанұлы Әбішев 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне түсіп, "Тележурналистика" мамандығын, 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "заңгер" мамандығын иеленген. "Іскерлік басқару" магистрі.

Әр жылдары "Астана", "Хабар 24", "Atameken Business Channel" телеарналарында еңбек еткен.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "Н. Назарбаев әуежайы" АҚ баспасөз қызметтерін басқарған.

2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымдарында еңбек етіп келді.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін "ҚР Президенті телерадиокешені" ШЖҚ РМК директорының орынбасары қызметін атқарды.

"Ерен еңбегі үшін" медалі мен "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.


3 маусым, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.