Атырау, 22 қыркүйек 03:38
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Ресейде ұсталған қазақстандықтар Украинадағы соғысқа бармайды

680 просмотра
Сурет: Informburo.kz

Ресейде есірткі тасымалы үшін ұсталған Қазақстан азаматтары Украинадағы соғысқа бармайды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, Қазақстанның бес-алты азаматы Telegram-арналардан есірткі тасымалдауға қатысты жұмыс тауып, өз еркімен Ресейге барып, сондай «бизнеспен» айналысқан. Оларды Ресейдің құқық қорғау органдары қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Ең қызығы бір-екі журналист шу көтеріп, оларды Украинадағы соғысқа алып кетейін деп жатыр деп ушықтырып жатыр. Ондай жағдай жоқ. Біздің бірде бір азаматымыз Украинадағы соғысқа бармаған, бармайды да. Сондықтан бұл мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Ал тергеуде отырған азаматтардың туыстарымен біз байланыстамыз», - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.

Ол Ресейде елу-алпыс емес, бес-алты азамат ұсталғанын нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Azattyq Rýhy 732 қазақстандық Ресей түрмелерінде отырғанын жазған болатын. Олардың арасында екі қазақстандық қыз да бар. Отандастарымыз есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар үшін бас бостандығынан айырылған. 

3 маусым, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.