Атырау, 22 қыркүйек 03:48
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Балалар қауіпсіздігі: Полицияның шұғыл әрекеті тексерілді

496 просмотра
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшыдағы IT мектеп-лицейінде балаларды қорғау күніне және жазғы демалыстың басталуына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдікке сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қосшыдағы жазғы лагерьдің ашылуына қатысып, сонымен қатар мектеп асханасының, робототехника және тоғыз құмалақ кабинетінің жұмысымен танысты.

Мектеп-лицейдің күзет және бейнебақылау пунктінде Марат Ахметжанов бейнебақылау жүйесінің жұмысын, сондай-ақ «дабыл» түймесін басып, полицияның шұғыл әрекетін тексерді. Санаулы минуттың ішінде мектеп ауласына полиция қызметкерлері келді.

Аймақ басшысы қалада, ең алдымен балалар үшін қауіпсіз ортаны құруға қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе, жол қозғалысын реттеу, көшелерді жарықтандыру, медициналық көмекпен қамту сынды мәселелер аталды. 

«Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында болу керек», — деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Айта кетсек, Қосшы қаласында 4800-ге жуық баланы мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы демалыспен қамту жоспарлануда. Жалпыға бірдей білім беру қорынан қала мектептеріндегі 105 балаға жалпы құны 8 миллион теңгеден астам сауықтыру лагерьлерінде демалу ұйымдастырылады.

3 маусым, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.