Атырау, 22 қыркүйек 05:33
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

​Қырғызстанмен шекарада жалпы көлемі 39 тоннадан астам залалданған шие анықталды

392 просмотра
Сурет: gov.kz

Өткен аптада Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген шиенің транзиттік карантинге жатқызылған өніміне инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізген кезде шиенің карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануының 2 жағдайы анықталды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.  

Залалданған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асты.  ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салынды. 

Сонымен қатар, залалданған карантинге жатқызылған өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды. 

Естеріңізге сала кетейік, дрозофила — бұл кішкентай шыбындар (жеміс шыбындары), олардың мөлшері шамамен 2-4 миллиметр және салмағы екі миллиграмм, әдетте қоңыр-сұр денелері мен қызыл көздері бар. Дернәсілдері өсімдік тектес субстраттарда дамиды. Шыбындар шіріген көкөністер мен жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай басқа органикалық қалдықтармен қоректенеді.

3 маусым, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.