Атырау, 22 қыркүйек 06:58
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

​Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай арнайы жазба жариялады

570 просмотра

Ол өзінің арнайы жазбасын Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

– Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз.

Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр.

Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз, – деп жазды Президент.

Еске сала кетсек, 31 мамыр 1997 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленді. 

31 мамыр, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.