Атырау, 22 қыркүйек 06:51
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Тоқаев депутат Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

389 просмотра
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Бақтықожа Ізмұхамбетов президентке «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берген. Оның айтуынша, қазір бұл бағытта 2 жоба бар.

«Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асып жатыр», - деп хабарлады Ақорда депутаттың сөзін. 

Ізмұхамбетов сондай-ақ ардагерлердің «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндады.

30 мамыр, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.