Атырау, 22 қыркүйек 06:59
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды – Антикор

571 просмотра

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиев ұсталды. Аталған ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады., деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін желіде күдіктінің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталғанын растайды», – делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері ақпараттың толықтырылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Әсет Қалиев бұл қызметке 2022 жылдың қыркүйегінде келген.

30 мамыр, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.