Атырау, 8 қазан 21:15
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жас отбасына арналған баспана

18 924 просмотра

Атырауда жас отбасыларға арналған «Жас Отау» қолжетімді баспана бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталды. Осы жобаның жас отбасыларға жеңілдіктер жасалатын «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасынан негізгі ерекшеліктері туралы біз облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Мейірім ҚАЛАУИДАН әңгімелеп беруді өтінген едік.

- «Жас Отау» бағдарламасы өз баспаналарын сатып алуға қаржылары жоқ жас отбасыларға арналған және кәдімгі банктік ипотека үшін арнайы жарақталған, - дейді М. Қалауи. – Біздің көршілерімізде, Батыс Қазақстан облысында мұндай бағдарлама 2008 жылдан бері жақсы жұмыс жасап келеді.

Процесс былайша көрініс табады. Жергілікті бюджеттен үй салуға қаржы бөлінеді. Үй салынып болғанда, оған жас отбасылар қоныстанады. Оларға бастапқы жарна салудың қажеті жоқ. Пәтерді сатып алу «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүргізіледі. Пәтер құнының 50 пайызы мөлшеріндегі алғашқы жарнаны отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде келісімге қарай 3-5 жыл бойына ай сайынғы салымдар арқылы жинақтайды. Қалған 50 пайызын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несие түрінде пайыздық жеңілдік мөлшерлемесімен ұсынады. Оралда, мәселен, «Жас Отау» бағдарламасы бойынша мұндай несиелер 6 пайызбен беріледі.

Қазіргі уақытта «Жас Отау» бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 444 млн теңге бөлінді. Облыстық әкімдік жанынан бағдарлама операторы боп табылатын «Атырау-Жас Отау» ЖШС құрылды. Осы жылға бағдарлама шеңберінде Нұрсая ықшамауданынан 90 пәтерлік үйдің құрылысын салу жоспарланды. Қазір жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Жоба бойынша үй 1 бөлмелі (45 шаршы метр) және 2 бөлмелі (67-70 ш.м.) пәтерлерден тұратын болады. Бұл үшінші дәрежелі үнемді баспана болмақ. Оған ерлі-зайыптылардың екеуі де немесе біреуі 29 жасқа жетпеген жас отбасылар үміткер бола алады. Үйді келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Әзірге пәтер берудің айқын механизмі жоқ, бұл енді ғана жасақталуда. Бірақ бір нәрсені ғана сеніммен айта аламын: бұл процесс ашық болады. Әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылып, оған БАҚ пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірмек. Сонымен қатар, «Жас Отау» бағдарламасы өз табыстарының деңгейінде банктік ипотека ала алмайтын жас отбасыларға арналғанын атап өткен жөн. Алайда, баспана қолжетімді болады, бірақ тегін емес. Оған табыстары төменгі еңбекақының 12 есе мөлшерінен аспайтын жас отбасылар үміткер бола алады. Мұнда әр отбасын жекеше алып қарайды. Айталық, бірнеше жыл бойына некеде тұрған және, мәселен, екі баласы бар жас отбасылық жұптың жаңадан үйленген және әзірге балалары жоқ ерлі-зайыптыларға қарағанда пәтер алуға мүмкіндігі мол. Бірақ бұл әзірге алдын ала жасалған жоба ғана. «Жас Отау» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу критерийлері әлі жасақталып, өңделетін болады.

Жазып алған Тамара СУХОМЛИНОВА

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.