Атырау, 27 наурыз 06:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Алматыда интим қызмет көрсеткен шетелдіктер ұсталды

593 рет қаралды
Фото: Алматы ПД

Алматыда шетелден келген интим қызмет көрсететіндер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көші-қон қызметі оларды "Стоп трафик" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

"Тексеріс барысында Наурызбай ауданындағы үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын орын болған жеке тұрғын үй анықталды. Ұсталған он екі адамның жетеуі - көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетел азаматтары. Бұл дерек бойынша құқықбұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.


29 мамыр 2024, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.