Атырау, 27 шілде 05:20
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қазақстанда ЖОО студенттерін қашықтан оқытуға көшіру ережелері өзгерді

356 просмотра
Көрнекі сурет

ХӘҰ-ның 2024 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, ЖЖОКБҰ-да құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан жиырма пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-да қашықтан оқытуға жол берілмейді.

ЖЖОКБҰ-да кадрларды даярлаудың басқа бағыттары бойынша кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан елу пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.

Қашықтан оқытуды қолдана отырып пәндерді оқу кезінде ЖАОК қолдану арқылы игеру көзделген пәндерді қоспағанда, оқу сабақтары оқытудың синхронды форматы арқылы жүргізіледі.".

Бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін біз Қазақстанда оқуға түсу кезінде шығармашылық емтихандарды тапсыру мерзімдері мен пәндері өзгеретінін айтқан болатынбыз.

29 мамыр, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.